Димаш дене бітімін бірқалыпта ұстау құпиясымен бөлісті
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында кескін-келбетін, дене бітімін бірқалыпта ұстау құпиясымен бөлісіп, таэквондомен шұғылданып жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде жарияланған видеодан Димашың арнайы жаттықтырушы көмегімен спортпен белсенді түрде айналысып жатқанын көруге болады.
"Шынымды айтсам, таэквондомен айналыспағалы көп болды, бірақ жақын күндері спорттық қалпыма ораламын деп ойлаймын", деп жазды видео сипаттамасында Димаш Құдайберген.
9 қарашада Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды мұсылмандар тізіміне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript