Time басылымы "2022 жылдың иконасын" атады

2022 жылдың иконасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 01:43 Сурет: Instagram/michelleyeoh_official
Time америкалық журналы 60 жастағы малайзиялық актриса Мишель Йеоны 2022 жылдың иконасы деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы басылымның сайтында хабарланды.

Time атап өткендей, 60 жастағы Йеоны Нью-Йорк тұрғындарының өзін бір рет көруге және өзімен амандасып қалғысы келетін ынтызарлығы таң қалдырған. Өйткені, оның кино әлеміне аяқ басқанына 30 жылдан астам уақыт өткен, сондай-ақ әлі күнге дейін ол Голливудтағы бірінші санаттағы актрисалар қатарына жатпайды.

Йео түсіндіріп өткендей, азиялық актерлерге көп рөл бұйыра бермейді. Әдетте оларға стереотиптік кейіпкерлер мен эпизодтар ұсынылады. Актриса өзінің қатарластары - Кейт Бланшетт, Оливия Колман, Хелен Мирреннің өз таланттарын әртүрлі қырынан көрсетуге мүмкіндіктері барына қызыға қарайтынын мойындайды.

Малайзиялық актриса 1980-ші жылдардың ортасында Гонконгтың экшн-фильмдерінде жарқ еткен. "Гейшаның мемуары" және "Азиялық шіріген бай-манаптар" сияқты ірі киножобаларға қатысып, тіпті Marvel-мен ынтымақтастықта жұмыс жасаған.

Өз мансабында 60 жастағы актриса "Біздің дәуіріміздің Вавилоны", "Мумия 3: Айдаһарлар патшасының қабірі", "Кунг-фу панда 2", " Галактика сақшылары. 2 бөлім", "Шан-Чи және он сақина туралы аңыз" және басқа фильмдерге түскен. Соңғы кездері түскен фильмі - режиссер Джеймс Кэмеронның "Аватар: су жолы".

2022 жылдың 17 желтоқсанында актриса түскен тағы бір жобаның премьерасының тұсауы кесіледі. "Сиқыршы: шығу тегі" сериалы. Онда Иео Скианның жауынгер әйелі рөлін ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: