Жаңалықтар тізбегі
0

Баян Мақсатқызы "Мәншүк" туралы сериал көрерменге осы демалыста көрсетілетінін хабарлады

Мәншүк фильмі жарыққа шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 15:09 Сурет: Instagram/bayanmaxatkyzy
"Мәншүк" 6 сериалы телехикаясы "Хабар" арнасынан 17-18 желтоқсан күндері көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің компанияның "Хабар" тапсырысы бойынша тағы бір туындысы - ұлы жауынгер Мәншүк Мәметова туралы алты сериялы телехикая. 17 және 18 желтоқсанда Хабар арнасынан міндетті түрде көріңіз. Біз бұл процесстен үлкен тәжірибе мен кәсіби ләззат алдық", - деп жазды сериал продюсері Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Сериал режиссеры - Асқар Ұзабаев. Басты рольде батыр қыз Мәншүк болып актриса Зухра Сайпи ойнайды. Баян Мақсатқызы батыр Мәншүк Мәметова туралы сериал түсірілімі басталғанын тамыз айында хабарлаған еді. Сериал Қазақстанда ғана емес, Беларусьте де түсірілді.


Сонымен қатар продюсер парақшасындағы постта елімізде сериал түсіруге аз ақша бөлінетінін айта кетті.

"Әрине, керемет жобаны жасау үшін бізге ақша жетіспейді. Ал сериалдар жасау үшін он жылдан бері өзгермеген бюджетті министрліктің қайта қарауын бәріміз күтіп отырмыз. Көрерменге керемет фильм, ал телеарналарға күшті рейтинг керек. Біз өте жақсы сериал, фильм түсіруді білеміз. Бүгінгі заман талабына сай туындыны жасауды әлдеқашан үйрендік. Көріп ләззат алыңыз, біз өз тарихымызды және қазақ халқының батырлары туралы білуіміз керек!", - деп жазды Баян Мақсатқызы.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: