Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда белгілі қытайтанушы ғалымның кітабы жарық көрді

Қытайтану, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 21:53 Сурет: Zakon.kz/иллюстрация үшін алынды
Алматыда белгілі қытайтанушы ғалым Клара Хафизованың "XVIII–XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы" кітабы көпшілікке таныстырылды. Монография автордың Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының тарихына арналған жарты ғасырлық еңбегінің жемісі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" мәліметінше, іргелі зерттеу еңбекте қазақ билеушілерінің мемлекеттілікті, аумақтық тұтастықты және ұлттық бірлікті сақтау жолындағы дипломатиялық қызметі тарихи деректер арқылы жан-жақты сараланған.

Мәселен, қазақ хандарының көрші елдердің билеушілерімен хат алмасуы ішкі-сыртқы жағдайдан хабардар болып, барыс-келісті жалғастыруға ықпал еткен. Кітапта Абылай сұлтанның, барымтаға қатысты орыс өкіметімен үнемі хат алысып тұрғаны жайлы дерек келтіріледі. Монографияны жазу барысында ғалым Қытайдың әскери кеңесінің қорында сақталған мәнжу тіліндегі деректерге басымдық береді.

Қытайда "военный совет" деген болды. Ол - құпия кеңес. Қытайлар білмесін деп мәнжу тілінде жазатын. Ең құнды архив сол "военный советтің фондында". Екінші қор жоңғарлардікі. Қалмақтардікі де бар. Сонда қазақпен қатынасы туралы барлығы өте көп құжаттар бар. Қытайтанушы ғалым Клара Хафизова



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: