Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық кинода дін тақырыбына шектеу бар ма

Қазақстандық кино, кинодағы дін тақырыбы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 16:08 Сурет: pixabay
Қазақстандық кинода дін тақырыбы ұзақ уақыт бойы тыйым салынған санатқа жатқызылды. Ол туралы мүлдем айтылмайды, кейде діни тақырып тек жанама түрде қозғалып немесе негізгі әрекеттің фоны ретінде ғана көрсетіледі.

Продюсерлердің сөзіне қарағанда, соңғы уақытта діни тақырыптағы фильмдерге байланысты шектеулер біртіндеп азайып келеді.

Расында қандай да бір жолмен дін тақырыбы қозғалатын отандық фильмдер саны қазір де көп емес. Мәселен, Ербол Жұмағұлдың заманауи қазақстандықтың діни ізденісі туралы "Кітап" картинасы кинофестивальдерде өткенімен, сол күйі кең прокатқа шықпады, дегенмен, теледидардан бірнеше рет көрсетілді. Мұсылмандардың рухани ізденісін қозғайтын бірнеше фильм қазір өндіріс сатысында тұр.

Дегенмен,дін тақырыбын қозғайтын қазақстандық фильмдердің кинопрокатқа шыққандары да бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 16:08

Сурет: фильмнен үзінді

Бұл орайда, Бегарыс Елубаевтың 2018 жылғы "Оазис" фильмін мысалға келтірсек болады. Картинада, мінездері, өмірге деген көзқарастары мүлдем бөлек екі жігіттің тағдыры баяндалады.

"Бүгінгі қазақ қоғамы рухани тұрғыдан - тілдік, діндік тұрғыдан екіге бөлініп жатыр. Қазақ қазақты түсінбей жатыр, бұл ұлтымыздың трагедиясы. Осының жемісін жас ұрпақ жинап жатыр. Бұл трагедияны біз "Оазис" фильміндегі кейіпкерлері арқылы – далада кездескен екі қазақтың қақтығысы арқылы көрсетуге тырыстық. Бірі – діні де, тілі де, тарихы да бұзылмаған, оралман жігіт болса, екіншісі – Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленген, діні де жоқ, тілі де жоқ, тарихи жады да жоқ Руслан есімді шала қазақ. Жалпы, "Оазис" – дін тақырыбын қозғап, иманы бұзылған қазақ қоғамы үшін иманның қаншалықты маңызды екенін кино тілімен айтуға ұмтылған фильм", – дейді фильмнің сценарий авторы, белгілі жазушы Смағұл Елубай.

Фильмде өмірге деген көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын, мінездері де мүлдем бөлек екі жігіттің тағдыры баяндалады. Руслан – ананың мейірімін көрмеген тастанды бала. Полиция қызметкерлерінен қашып жүрген ол өзімен бірге бүкіл әлемді жойып жібермек ойда болады. Алайда, шөл далада жүрегінде иманы бар, төңірегіндегілерді махаббат пен мейірімділік нұрына бөлендіріп жүрген жігітті кездестіреді.

Бірақ, әзірге қазақстандық фильмдерде діни қызметкерлер көбінесе эпизодтық кейіпкерлердің рөлін атқарады. Әдетте, жерлеу рәсімінде немесе кейіпкерлердің бірін еске алу рәсімінде көрінеді. Сонымен ғана шектеліп жатады.

Алайда, мұндай кейіпкерлердің фильмдегі маңызы артатын да мысалдар бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 16:08

Сурет: фильмнен үзінді

Бұл орайда, кеңестік кезеңде түсірілген отандық кинематографияның классикасы, Шәкен Аймановтың "Атаманның ақыры" фильмін атап өткен жөн. Онда казак атаманы Александр Дутов туралы баяндалады. Бұл – детектив жанрындағы тұңғыш қазақ фильмі.

Бұл фильмде православиелік діни қызметкер маңызы бар қосалқы кейіпкер ретіне көрсетілген. Әрине, белгілі идеологиялық себептерге байланысты – жағымсыз кейіпкер. Борис Иванов сомдайтын діни қызметкер Иона – Дутовтың қарсы барлау жасағының бастығы. Ол атаманға бағынатын әскердің рухани тәлімгері болады. Бұл мыңнан бір кездесетін жағдай. Кеңес заманында көп жағдайда діни қызметкерлер туралы айтылмайтын немесе көрсетпеуге тырысатын. Сондықтан да Иона бұл картинада жағымсыз кейіпкер ретінде суреттеледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 16:08

Сурет: фильмнен үзінді

Ал Сатыбалды Нарымбетовтың "Мұстафа Шоқай" фильмінде Мұстафа мен оның әйелі Мария Горина арасындағы мұсылманша неке қию рәсімі көрсетіледі.Сондай-ақ олардың су тасқыны кезінде ауыл тұрғындарымен бірге шіркеуге қашатыны бар. Апат кезінде дұға ету сахнасы да бейнеленген.

Сонымен қатар, жақында шыққан "Ахмет. Ұлт ұстазы" және "Абай" телесериалдарында да дін тақырыбы қозғалады.

Ұлы ақын, композитор, философ Абайдың өмірі жайлы картинада қазақтарды православие дініне тарту тақырыбы көтеріледі. Мәселен, сюжет бойынша, Абай қайтыс болар алдында қазақтарды христиан дініне айналдыруға нұсқау беретін құжатты алады. Әрине, мұның бәрі авторлық қиял. Қазақтарды жаппай православиеге айналдыру әрекеттері Абай қайтыс болардан алдын 20 жылдай уақыт бұрын тоқтаған. Патша өкіметі ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында қазақтар арасында христиандықты басты дін ретінде бекіткісі келді. Алайда, XIX ғасырдың аяғында аталған әрекеттер тоқтатылған, ал сериалда драманы күшейту үшін осындай бұрмалау жасалса керек.

Фильм, дін, қазақстандық кино, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 16:08

Сурет: телесериалдан үзінді

Режиссер Мұрат Есжанның "Ахмет. Ұлт ұстазы""сериалында сюжеттік шиеленістердің бір бөлігі Әліби Жангелдиннің православие дінін қабылдауы төңірегінде өрбиді. Еске сала кетейік, ақын және лингвист Ахмет Байтұрсынов Жангелдиннің саяси қарсыласы болған. Біріншісі ұлттық-демократиялық көзқарастарды ұстанса, екіншісі социалистік бағытты қолдады. Сюжет бойынша, Байтұрсынов пен оның "Алаш" қозғалысындағы әріптестері Жангелдинді қазақ ұлт-азаттық қозғалысының сатқыны деп санайды. Мұнда Жангелдиннің алдымен Орынбор рухани консисториясында, содан кейін Мәскеу теологиялық академиясында тарих факультетінде оқыған кезінде православие дінін қабылдауы мүмкін екені жөнінде ой қозғалады.

Бүгінде жаңа буын сценаристері мен режиссерлері үшін діни тақырыптарға байланысты шектеулер мен тыйымдар азайып бара жатқаны анық. Олай болса, еліміздің тарихында және бүгінгі өмірінде діннің алатын орны туралы жаңа көзқараспен түсірілген фильмдерді көптеп көретін сияқтымыз.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: