Қазақстан беделді туристік сыйлыққа ие болды

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 19:54 Сурет: gov.kz
Қазақстан Versatile Excellence Travel Awards (VETA) марапаттау рәсімінде үндістандық туристер үшін ең үздік тренд бағыты болып танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл Үндістанның туризм саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шараларының бірі, онда саланың дамуында айтарлықтай өсім көрсеткен үздік компаниялар мен туристік орындар атап өтіледі.

Travelscapes - үкіметтік мекемелер, бірінші дәрежелі қонақүйлер, Туризм индустриясы, елшіліктер және корпоративтік секторлар арасында танымал үнділік кәсіби b2b басылымы.

Марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы елімізге 28 300 Үндістан азаматы келген. Бүгінгі таңда Eqonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, Қазақстанның қонақ үйлерінде Үндістаннан 2000-нан астам қонақ тоқтаған. Үндістан азаматтары Қазақстанның Алматы, Астана және Шымкент сияқты ірі қалаларында демалуды жөн көреді.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: