Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда PrayForTurkey қайырымдылық кеші өтеді

Қайырымдылық концерті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2023 21:31 Сурет: assambly.kz
20 ақпанда Алматыда EverJazz джаз-клубында Түркияда зілзаладан зардап шеккендерді қолдауға арналған кеш өтеді. Билет сатылымынан түскен және концерт уақытында жиналған барлық қаржы AFAD (Апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы) есепшотына аударылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны 2010 жылы халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы аясында құрылған халықаралық жастар камералық оркестрі ұйымдастырады. Акцияға Түркияның Алматы қаласында бас консулдығы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Бүгін біздің жақын бауырларымыз, туыстас Түрік елі табиғи апаттан зардап шегіп, ауыр күндерді бастан өткеруде. Мұны барлық ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Түрік әлеміне әрдайым қол ұшын созуға дайын тұратын Түркия елі бүгінде біздің көмекке мұқтаж болыпотыр. Бауырларымызға тек қаржылай көмекке ғана емес, моральдық қолдау аса қажет. Олар біздің жүректен шыққан жылы сөздеріміз бен туыстық қолдауымызды сезінулері керек. Бұл қадамымыз оларға үміт сыйлап, жігерлендіреді. Біз, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы түбі бір түркі елдерінің өнерпаздарына "Біз біргеміз" деген ұранмен көмек көрсетуге шақырдық. Аллаға шүкір, бізге құлақ асқандар көп болды. Түркияның қиын күндерінде, жандарында болайық!". ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев

Қайырымдылық кеште "GATOB_QUARTET" және "4RIVERS QUARTET" ішекті квартеттерінің класикалық шығармалары орындалады. Опера труппаларының солистері Олег Татамиров пен Ержан Тәжімбетов кеш қонақтары үшін арнайы бағдарлама дайындады. EverJazz джаз-клубының резиденттері танымал жұлдыз Диана Макина, Take off Trio, Екатерина Хоменкова және Александр Рудовскийде сахнада өнер көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: