Димаш Құдайберген америкалық әріптестерін қазақтың ұлттық аспабымен таныстырды

Димаш Құдайберген америкалық әріптестерін қазақтың ұлттық аспабымен таныстырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2023 11:14 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына музыка студиясында түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен америкалық әріптестерімізді бірлескен жобаларда пайдалану үшін дәстүрлі музыкалық аспаптарымызбен таныстырып жатырмын", - деп жазды Димаш видеоның сипаттамасына.

Әншінің жанкүйерлері мен басқа да желі қолданушылары қазақтың ұлттық аспаптарының керемет дыбысы бар екенін айтып жатыр. 

  • Бұл аспаптар дыбысты соншалық дәл және ерекше береді!
  • Қобыз – қашанда сиқырлы, тылсым, жанды баурап алатын аспап...
  • Әріптестеріңіз риза болды деп ойлаймын!
  • Димашты студияда көрген әрдайым қызық.

Сонымен қатар жанкүйерлер Димаштың ағылшын тілін жақсы меңгергеніне тәнті болды.


20 ақпанда әнші ипподромнан түсірілген видеосын жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: