Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілер іздеп жатыр

Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 14:20 Сурет: Zakon.kz
Іріктеуге қатысуға хип-хоп және контемпорари стилінде жұмыс істейтін барлық мүдделі биші шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stranger туры аясында концерттер 29 сәуірде Ереванда Карен Демирчян атындағы спорт-концерт кешенінің аумағында және 6 мамырда Антальяда Akdeniz University Stadium стадионында өтеді.

Dimashnews.com cайтының хабарлауынша, кастингте бағыңызды сынап көру үшін қарапайым екі шартты орындау қажет:

  • Димаштың кез-келген әнін таңдап, би нұсқасын жазыңыз (уақыты 60 секундқа дейін).
  • Instagram, TikTok, Facebook немесе басқа қол жетімді әлеуметтік желілердің біріне өз видеоңызды Weibo #TourStranger_Сasting хэштегімен жариялаңыз. Сипаттамаға мына мәтінді жазу керек: "Мен бишілердің кастингінен өтіп, Димаш Құдайбергеннің Stranger шоуымен әлемдік турына қатысқым келеді".

Постты 10 наурызға дейін өшіруге болмайды.

Барлық видеоны артистің командасы қарайды. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен бишілерге әлеуметтік желі арқылы хабарлама жіберіледі және офлайн режимінде өтетін кастингтің соңғы кезеңіне шақырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: