Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 00:55 Сурет: видео скрині
27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың Kieli meken әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dimashnews.com-ның хабарына қарағанда, акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған.

Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Dimash Qudaibergen Méxicoficial фан-клубы осымен Мехикодағы медиафасадта Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.


Метро - қаладағы негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан видеоны 3 миллионға жуық адам көреді.

Сурет: dimashnews.com

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: