Жаңалықтар тізбегі
0

ТҮРКСОЙ жазушылар одағы құрылды

Әдебиет, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 21:58 Сурет: wikipedia.org
Еліміз аталған одаққа алғашқының бірі болып төрағалық етеді. Сондықтан бұл одақтың тізгіні Ұлықбек Есдәулетке ұсынылды. Ол бұл қызметті Қазақстан жазушылар одағы төрағалығымен қатар алып жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТҮРКСОЙ ұйымы түркі әлемі жазушылар одағын біріктірді. Бүгін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркменстан өкілдері одақ құру туралы құжатқа қол қойды. Еліміз одаққа алғаш болып төрағалық етеді. Бауырлас мемлекеттердің жазушылар одағының басшылары бұл міндетті Ұлықбек Оразбайұлына тапсырды. Ұлықбек Есдәулет бұл қызметті Қазақстан жазушылар одағы төрағалығымен қатар алып жүреді, деп хабарлайды Astana.tv.

Жиынның алғашқы отырысы 29 наурызда Өзбекстанның Новаи қаласында өтетіні де нақтыланады. Сол отырыс барысында түркі әлемінің өзге де жазушылары өз ұсыныстарын ортаға салып, нақты шешімдер қабылдайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: