«Жасыл Дамуға» жаңа басшы тағайындалды

Ержан Сәрсенбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 15:13 Сурет: Facebook/Ержан Сарсенбай
«Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Ержан Сәрсенбай тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Жанат Самат атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәрсенбайдың еңбек өтілі:

  • Ержан Сәрсенбай 2001 жылдың қарашасынан 2006 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маманнан бөлім бастығына дейін қызмет атқарды.

  • 2006 жылғы шілдеден 2007 жылғы сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің ғылым және инновациялар секторының меңгерушісі.

  • 2007 жылғы мамырдан 2010 жылғы қарашаға дейін - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жобалар бойынша агенттік қызмет көрсету департаментінің басшысы.

  • 2011 жылғы мамырдан 2014 жылғы ақпанға дейін - «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Несиелеу және несиелік әкімшілендіру департаментінің директоры.

  • 2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

  • 2017 жылғы ақпаннан 2021 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік міндеттемелерді басқару және қаржы секторын дамыту департаментінің директоры.

  • 2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін – «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

Бұған дейін Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болған еді. Ол бұл қызметті 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап атқарды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: