Жаңалықтар тізбегі
0

Тарихтан сыр шерткен көне суреттер

Көне суреттер, Көне ғимараттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46 Сурет: Орталық мемлекеттік архив пен Ұлттық кітапхана
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде әртүрлі ностальгиялық парақшалар мен топтар кеңінен танылып келеді. Онда желі қолданушылары ретро фотосуреттерін жариялайды. Алайда мұндай суреттер қайталанып жатады.

Осы орайда біз ұмытылған, сирек кездесетін фотосуреттерді тауып, олардың тарихымен таныстыруды жөн көрдік.

Қарағанды қазақ драма театры

Кезіндегі Қарағанды қазақ драма театрының ғимараты бүгінде табиғи түрде жойылып кеткен өркениеттің бір бөлігі болып саналады. Мәселен, XIX ғасырда Америкадағы "алтын безгегі" кезеңі секілді, 1930 жылдары Қарағандыда "көмір безгегі" болған. Бір кездері көмір шахталары аймағында өмір қайнап жатқан еді. Жас қала дәл осы саманнан салынған барақ тәрізді үйлері бар ауданда пайда болды. Ол кезде шахталар көп еді, үйлер мен барақтар жұмыс орындарына жақын маңнан салынды. Адамдар жұмысқа жаяу баратын – 1930 жылдары мұнда қоғамдық көлік ешкімнің ойына да кірмейтін еді. Осындай көзге еленбейтін үйлердің арасында Қазақ драма театрының тұрғызылуы кеңес өкіметі уәде еткен жарқын болашақтың аралы іспеттес.

Қарағанды қазақ драма театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Ғимарат 30-жылдардағы конструктивизмнің шедеврі саналды. Мұнда балаларға арналған үйірмелер, кітапхана және 1500 орындық аудитория болды. Үйірмелерде Қарағандыға жер аударған танымал тұлғалар – инженер Александр Чижевский, ақын Наум Коржавин жұмыс істеді. Ал 1960 жылдары бұл жерлер тау жыныстарының шөгуіне байланысты өмір сүруге жарамсыз болып, халық Қарағандының басқа аудандарына жаппай көше бастады. Осылайша, ХХ ғасырдың аяғында бұл аймақ бос қалып, тұрғындар да жоқтың қасы еді. Бүгінде ғимарат иесіз қаңырап, күн сайын қирап бара жатыр.

Қарағандының тарихи орталығы

Жалпы, Қарағанды еліміздегі ең жас қалалардың бірі. Алғашқы қоныстанушылар шағын үйлерде, барақтарда өмір сүрді, бірақ 1930 жылдардың аяғында жаңа үлгідегі құрылыс нысандары пайда болды. Жалпы, Қарағандының ірі елді мекен ретінде қалыптасуына ұжымдастыру мен мүлікті тәркілеуге байланысты қуғын-сүргін толқыны түрткі болды. Мұнда жер аударылғандарды кейде «қалай күніңді көрсең де, өзің біл» дегендей, ен далаға түсіріп кеткен жағдайлар да болды. Дегенмен, бұл жерге ақша табу мақсатында мансап қуып келгендер де бар еді. Билік те өсіп келе жатқан елді мекенге жаңа келбет беруге барынша тырысты. Сондықтан, 1930 жылдардың екінші жартысында қалада сол кездегі дәстүрлі сталиндік ампир стиліндегі үйлер салына бастады. 
Қарағанды, көне сурет, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Ал тарихи орталықтың қалыптасуы 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың ортасында жапон әскери тұтқындары тұрғызған үйлермен аяқталды. Қаржы үйі, Ленин аудандық партиясы, теміржолшылар мәдениет үйі, Жамбыл көшесіндегі тұрғын үйлер ансамблі, Кеншілер сарайы (фотода). Бүгінде осы нысандар Қарағандының тарихи орталығын құрайды.

Өскемен. 1931 жылғы су тасқыны

Бұл фотосурет бүгінде жартылай ғана сақталған өрт сөндіру мұнарасынан түсірілген. 1931 жылғы Өскемен бейнеленген суреттегі ғимараттардың көп бөлігі әлі күнге дейін сақталған. Тек Покров соборы ғана жоқ – қазір оның орнында саябақ пен шағын шіркеу тұр. Фотода табиғи апат кезі бейнеленген. 1931 жылы Өскеменді су басып, қалаға елеулі залал келтірді. Ертіс өзенінің тасуына байланысты қала тарихындағы ең ірі су тасқыны болды. Апаттан кейін бірнеше ай бойы қала нағыз Венецияға айналды – көшелерде тек қайықпен жүру мүмкін еді. Апат жүздеген адамның өмірін қиып, ағаштан салынған құрылыс нысандарының едәуір бөлігін қиратты. Билік дәл осы сәттен бастап ағаш құрылыстардан бас тартып, үйлерді тек тастан тұрғызуға шешім қабылдады.

Өскемен, су тасқыны, көне сурет, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

1970-жылдар – Панфилов педагогикалық техникумының жатақханасы

Көне сурет, педагогикалық техникум, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Бүгін бұл шіркеу прихожандар мен Жаркент қонақтарына есігін қайта ашты. Ғибадатхананы Алматыдағы Вознесенск соборы жобасының авторларының бірі – сәулетші Сергей Тропаревский салған. Кеңес заманында бұл шіркеу қиын кезеңдерді бастан өткерді. Мұнда педагогикалық техникумның спорттық залы, жатақханасы орналасты. Дегенмен, ғимарат ХХ ғасырдың дүрбелеңінен аман қалды, бүгінде шіркеу өзінің рухани өміріне қайта оралды. Бір қызығы, ғаимарат бірнеше рет өзгеріске ұшығанымен, мұнда XIX ғасырдың соңындағы еден тақталары мен есіктерді әлі сақталған.

Халық комиссарлары үйі

Қазір Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғимараты бір кездері конструктивизмнің жаңашыл сәулетінің флагманы болғанына сену қиын. 2000-жылдары қайта жөндеуден өткеннен кейін ол бастапқы стилінің көптеген маңызды элементтерінен айырылды. Мысалы, бірінші қабаты әйнекпен жабылды. Әйтпесе, дәл осы бағаналар конструктивизмнің маңызды ерекшелігі болып табылатын. Сәулетші Моисей Гинсбургтің идеясы бойынша, Халық комиссарлары үйі – әйнектелген және жабық жазықтар мен көлемдерді біріктіретін архитектуралық-кеңістіктік композициясы еді. Қаңқасы Алма-Атада қоғамдық ғимараттар салу тәжірибесінде алғаш рет қолданылған жұмсақ қамыспен толтырылған монолитті-темірбетоннан құйылды.

Халық комиссарлары үйі, көне сурет, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Әулие Ата үш сыныпты орыс-қазақ мектебі

Фотосурет ХХ ғасырдың басында Әулие Ата уезін Василий Андреевич Каллаур басқарған кезеңде түсірілген. Ол сол кезеңдегі Әулие Атаның (қазіргі Тараз) жандануына сүбелі үлес қосты. Каллаур қаланың ежелгі тарихына қатты қызығып, көптеген Мәскеу мен Санкт-Петербург шығыстанушыларының да шаһарға деген қызығушылығын оятты. Сөйтіп, олар қазба және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жаппай Таразға ағылды.

Әулие Ата мектебі, көне сурет, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Сол кезеңде Қарахан кесенесі, Айша бибі, Тектұрмас секілді көрнекті орындар қайта жанданды. Сондай-ақ Каллаур жергілікті халықтың білім алуына көп көңіл бөлді. Сол мақсатта салынған мектептердің бірінің ашылуы осы фотосуретте бейнеленген.

Федерация саябағындағы "Алма-Ата" кинотеатры

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:46

Сурет: Орталық мемлекеттік архив және Ұлттық кітапхана

Кезінде дыбыссыз фильмдер көрсетілген Алма-Атадағы ең алғаш кинотеатрлардың бірі Федерация саябағында (қазіргі 28 панфиловшылар саябағы) орналасқан еді. Ол 1920 жылдары "Прогресс" атауымен ашылып, кейіннен "Алма-Ата" деп аталды. Бұл ғимараттың аман қалуы екітайлай еді. Себебі, Даңқ мемориалының құрылыс жобасында саябақтың осы бөлігін барынша тазарту көзделген тұғын. Сөйтіп, 1960 жылдардың аяғында моральдық тұрғыдан ескірген кинотеатр бұзылды.




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: