Голливуд актрисасы бірден 22 келіге қалай арықтағанын айтты
Сурет: Instagram/amyschumer
44 жастағы актриса бұл туралы Instagram парақшасында жазып, жағдайының қалай өзгергенін баяндады.
Шумер ешқашан ботокс та, филлерлер де жасамағанын атап өтті. Сондай-ақ БАҚ-та тараған "ол бар болғаны 13 келі тастаған" деген ақпаратты жоққа шығарып, нақтысында салмағы екі есе көп азайғанын айтты.
"Мен әдемі болу үшін арықтаған жоқпын. Мен мұны өмір сүру үшін жасадым. Менің бетімді ісітіп және өлімге әкелуі мүмкін ауруым бар. Кушинг синдромы ", – деп жазды актриса.
Кушинг синдромы – ағза шамадан тыс мөлшерде кортизол гормонын бөлген кезде пайда болатын жағдай. Көрінетін белгілеріне беттегі ісіну, тез салмақ қосу, қан қысымының жоғарылауы, терідегі созылу белгілері жатады. Актрисаға ауруға шалдыққан болуы мүмкін екенін алғашқы болып оқырмандарының бірі ескерткен көрінеді.
"Менің салмақ жоғалтуым сіздерге қандай сезім тудырса да, кешірім сұраймын. Кімді ренжітсем – бәрінен кешірім сұраймын", – деді Шумер.
Оның айтуынша, қазір ол ауырсынудан арылып, ұлымен қайтадан ойнауға шамасы келіп, белсенді өмірге орала бастаған.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізгенін жазғанбыз.