Николь Кидман бақытты некенің сырымен бөлісті
Сурет: Instagram/nicolekidman
Америкалық актриса Николь Кидман күйеуі австралиялық әнші Кит Урбанмен отбасылық қарым-қатынастағы үйлесімділік душ қабылдауына тікелей байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші сонымен қатар Кит Урбан екеуінің дәретханалары бөлек екенін баса айтты. Бұл туралы "Оскар" иегері W Magazine басылымына берген сұхбатында айтты.
"Мен Киттің душта ән айтып жатқанын және оның жаңа әндерінің дүниеге келгенін естимін. Бізде қос душ бар. Қос душ: сәтті неке кілті. Бөлек дәретханалар мен қос душ!" – деді актриса.
Николь Кидман мен австралиялық әнші Кит Урбан 2005 жылдан бері бірге. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар: Сандей Роуз және Фэйт Маргарет. Ерлі-зайыптылар қыздарды суррогат аналар көтергенін жасырмайды.
Сондай-ақ актрисаның әріптесі Том Крузға үйленген кезінде асырап алған екі баласы бар.
Бұған дейін Николь Кидан режиссер Мартин Скорсезенің фильмдерінде әйелдердің жоқтығын сынаған болатын. 57 жастағы "Сағаттар" және "Көзді жұмып" фильмдерінің жұлдызы бұл фактіге ашуланып, қынжылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript