Димаш Құдайберген жаңалығымен бөлісті
![Димаш Құдайберген жаңалығын бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 12:47](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-fce33bb1-73c0-4908-a9f8-d74dfae26aa2/800x450.webp)
Димаш Құдайберген 9 сәуір күні жаңа бейнебаян шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 сәуір күні Астана уақытымен сағат 12:00-де менің YouTube арнамнан Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің 1-курс студенті, 16 жастағы інім Әбілмансұрдың шығармасына түсірілген жаңа бейнебаянды көре аласыздар", - деп жазды Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Әңгіме "Together" әніне түсірілген бейнебаян туралы. Бұған дейін Димаш, Раушан, Мансұр Құдайбергеновтер бірлесіп ән орындайтынын хабарлаған едік. Ағайындылар жаңа әнге бейнебаян түсіріп жатқан еді. Енді сол бейнебаян 9 cәуір күні жарық көрмек.
"Together" маған алғашқы секундтардан-ақ әсер еткен еді. Біз оны толық әнге айналдырғанымызға қуаныштымын! Димаш Құдайберген
Әнші бейнебаянға қарындасы Раушан да түскенін еске салды.
"Бірге түскеніміз бұл жұмысты одан сайын ерекше етеді. Біз бәріміз бір-біріміздің бейнемізбіз және өмір жолындағы қиындықтарды бірге жеңіп, жаңа ғаламдарды бағындыруымыз керек екенін айтқымыз келеді! Көріңіздер, достар!"Димаш Құдайберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript