Киногерлер наразылығы: Конкурсқа келіп түскен барлық өтінімдер қайта қаралатын болды
Сурет: pixabay
Кинематографистердің үндеуіне қатысты ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржыландыруды алуға үміткер киножобалардың кезекті – бесінші конкурсы өтіп жатыр. Оның ұйымдастырушысы - "Ұлттық киноны қолдау орталығы" КЕАҚ. Биыл электронды және қағаз форматында 290 өтінім келіп түсті. Кейбір кинематографистер кино орталығы (ҰКҚМО) өткізген конкурстың нәтижелерімен келіспейді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын басшылыққа ала және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, министрдің тапсырмасы бойынша келіп түскен барлық өтінімдерді қайта қарайтын тәуелсіз комиссия құрылады", делінген вице-министр Нұрғиса Дәуешовтің Facebook-тегі жазбасында.
Оның айтуынша, бұл объективтілікті қамтамасыз ету үшін жасалады.
"Сонымен қатар, отандық фильмдерді қаржыландыру туралы айтып отырғанымызды және сапалы фильмдерді шығару мен қаржыландыру басты назарда болатынын түсінуіміз маңызды. Транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстардың барлығы жүргізіледі. Питчинг комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін өткізіледі", деп түйіндейді өз жазбасын вице-министр.
Айта кетсек, 12 мамырда киногерлер өз саласындағы былық-шылыққа наразылық білдіріп, көшеге шыққан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript