Асхат Оралов қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Асхат Оралов, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 15:35 Сурет: telegram/@askhat_oralov_online
Мәдениет және спорт экс-министрі Асхат Оралов қызметінен кеткен соң әріптестеріне алғыс айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мәдениет және спорт министрі ретіндегі қызметімді аяқтай отырып, Мемлекет басшысына көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай–ақ мен өзімнің әріптестеріме - өз ісінің нағыз мамандарына алғыс айтқым келеді, олармен бірге осы уақыт бойы жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Мәдениет, спорт, туризм, архив және кітапхана саласының барлық қызметкеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Өте жауапты әрі маңызды қызметтеріңіз үшін, қолдау, кері байланыс, ашықтық және орынды сын үшін рақмет". Асхат Оралов

Экс-министр осы бірнеше айдың ішінде үлкен жұмыс атқарғанын, оның нәтижелерін болашақта көрінетінін де жазды.

Еске салайық, кеше, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт министрді қызметінен босатты. Оның ішінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та бар.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: