Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Экс-Мәдениет және спорт министрінің жаңа қызметі туралы ақпаратты 2024 жылғы 28 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі растады.
2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін Талғат Жақан атқарып келді.
Асхат Оралов 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Гумилева Л.Н атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастады. Осы жылдар ішінде "Нұр Отан" партиясының филиалында (қазіргі "Аманат"), Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасында, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті. 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың шілдесіне дейін – Павлодар облысының әкімінің орынбасары. 2020 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі болып жұмыс істеді.
2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.