Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: gov.kz
Ресми ақпаратты 2025 жылдың 15 желтоқсанында Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған ресми ақпаратта.
Смадияров Айбек Серікбайұлы – 1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін (Алматы, 2004 ж.) бітірген.
Мансап
- 2005 ж. – "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ Административтік департаментінің маманы
- 2006-2008 жж. – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы
- 2008-2010 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы
- 2010-2012 жж. – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы
- 2012-2013 жж. – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы
- 2013-2014 жж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы
- 2014-2018 жж. – Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші, бірінші хатшысы
- 2018-2019 жж. – ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы
- 2019-2023 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы
- 2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі
- 2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі
Дипломатиялық дәрежесі: IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл
Марапаттары:
Медальдар: "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 25 жыл" (2017), "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 30 жыл" (2022), "Халық алғысы" (2021), "Шапағат" (2022);
Төсбелгілер: "Ақпараттық жұмыстың үздігі" (2022), "Жылдың үздік баспасөз хатшысы" (2019), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2022), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2023)
Шет тілдері: ағылшын, түрік