Жамбыл облысында сақ заманынан қалған қола қазан табылды
Сурет: видеодан алынды
Қабір қазып жатқандар көне жәдігерге тап болған. Салмағы 50 келілік құнды бұйым археолгтарды да аң-таң қылды. Көне бұйым біздің заманымызға дейінгі III – V ғасырға тиесілі, - дейді мамандар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топырақтың астындағы қатты затқа күректің ұшы тигенде ауыл тұрғындары оны зақымдамай алып, археологтарды шақыртыпты. Дереу жеткен мамандар ыдыстың 3 мың жылдық тарихы барын айтқан. Тарихшылар жәдігер сақтардың тұрмыстық бұйымы болғанына сенімді. Ол қола мен қалайының қосындысынан құйылған екен. Диаметрі 66 сантиметр қазанның кернеуіндегі ою-өрнектің дәлдікпен өрнектелуі көпшіліктің таңдайын қақтырған, деп хабарлайды КТК.
Енді құнды жәдігер табылған Бесағаш ауылында қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Өйткені осы маңнан бұған дейін де темір дәуіріне тиесілі қару-жарақ сынықтары қазып алынған болатын.
"Қазір айтып отырған жәдігеріміз ерте темір дәуіріне тән мәдениеттің кең тарағандығын, және қайталанбайтын қолөнер туынды екенін көрсетіп отыр. Жамбыл облысының аймағында енді зерттеуші археолог ғалымдарды қызықтыратын кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізсе деген ойымыз бар". Археолог Сауран Қалиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript