Жаңалықтар тізбегі
0

20 жыл еңбек өтілі бар артистер мен музыканттар ай сайын әлеуметтік көмек алады

20 жыл еңбек өтілі бар артистер мен музыканттар ай сайын әлеуметтік көмек алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 16:33 Сурет: primeminister.kz
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда балет, би ансамбльдерінің, мемлекеттік цирк артистері мен үрмелі аспаптар оркестрлерінің музыканттары ай сайын әлеуметтік көмек алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орташа айлық еңбекақының 60%-ы мөлшеріндегі арнайы ақшалай төлемді кемінде 20 жылдық кәсіби еңбек өтілі бар, кәсіби қызметін тоқтатқан сала ардагерлері алуға құқылы. Қазір елімізде осы санаттағы артистердің саны – шамамен 200 адам.
Аталған мамандардың жұмысы денсаулық пен өмірге қауіп төндірумен байланысты екенін айта кету керек. Олар тұрақты физикалық және психологиялық жүктеме жағдайында жұмыс істейді.
"Аталған мәселе жайында салалық кәсіподақ жиындарында, азаматтарды қабылдау кезінде, халықпен кездесулер барысында да жиі айтылып келді. Белгілі бір жасқа жеткенде, физиологиялық және эстетикалық сипаттағы ерекшеліктерге байланысты көптеген артистер зейнеткерлік жасты күтпестен кәсіптен кетеді. Себебі 20-25 жылдық кәсіби қызметтен кейін көп жағдайда кәсіби ауруларға ұшырайды. Осыған байланысты министрлік сала ардагерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында ай сайынғы арнайы көмек тағайындады", - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: