Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әлеуметтік көмек алатын азаматтар санаты кеңейеді

Әлеуметтік көмек, Қазақстан, Ғылым және жоғары білім министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 17:21 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға көмек көрсетуге арналған ережеге өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекет білім алу кезеңінде шығыстарды ішінара өтейтіні жөніндегі тармақ толықтырылды.

Олардың қатарына:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар енді.

Бұдан бөлек бұл тізімге енеді:

  • көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
  • жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
  • дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жүрген балалар;
  • интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
  • денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда ұзақ уақыт оқитын балалар;
  • "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер;
  • білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтар.

Құжат 28 наурызға талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: