Жаңалықтар тізбегі
0

Польшада "Димаш" радиостанциясы жұмыс істейді

Польшада "Димаш" радиостанциясы жұмыс істейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 09:34 Сурет: Zakon.kz
Польшада әнші және музыкант Димаш Құдайбергеннің құрметіне радиостанция жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Радио толқынында тыңдарман Димаштың ғана емес, басқа да қазақ өнерпаздарының әндерін тыңдай алады. Сонымен қатар эфирде еліміздің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы да айтылады, деп хабарлайды 24kz.

Димаш радиостанциясын құру идеясы Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубына тиесілі. Бастапқыда әншінің поляк жанкүйерлері БАҚ саласында тәжірибесі болмағанын және олар жүре үйренгенін айтты. Бірақ қазір станция аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бүкіл әлемге хабар таратады.

"Мен Димаштың шығармашылығымен Singer шоуының арқасында таныстым. SOS әні - керемет дүние! Бірден қызығушылық танытып, "Келесі концерт қай жерде болса да, міндетті түрде Димашты тікелей эфирде тыңдауым керек" деп шешім қабылдадым. Бір айдан кейін ол Лондонда өнер көрсетті. Мен бардым. Кейіннен радиостанция құру идеясы келді. Біздің демеушіміз жоқ, фан-клубымыз көмектеседі. Редакторлар, жүргізушілер, мен - бәріміз тегін жұмыс істейміз"."Димаш" радиосының негізін қалаушы Збигнев Кужинский

Сонымен бірге радиостанция толқынында Қазақстанның барлық айтулы оқиғалары мен мерекелері  тойланады. Ал тамыз айында Абайға арналған тақырыптық хабарлар болады. Димаштың әндерін, жалпы қазақ халқының мәдениетін түсіну үшін радиодан қазақша сабақтар да ашылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: