Димаш Астанада өнер көрсетеді

Димаш Астанада өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 16:37 Сурет: Zakon.kz
Әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген Қазақстанға келеді. Ол 17 қарашада Астанада болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ертең үйде боламыз. Астана аренада ұлттық құрамамызды бірге қолдайық! Алға Қазақстан!" - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін музыкант Женеваға барып, Швейцариядағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде де болған.

17 қараша күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Н кіші тобының тоғызыншы туры аясында "Астана Аренада" Сан-Марино командасына қарсы ойнайды.

Еуро-2024 іріктеу турнирінің сегізінші турынан кейін Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен H кіші тобының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Сан-Марино ұпайсыз соңғы орында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: