Малайзияда Димаш Құдайберген марқұм атасының құрметіне сөз арнады
Сурет: видеодан алынды
Өз сөзінде Димаш Құдайберген атасын "әке", - деді. Содан соң қазақта тұңғыш баланы үлкендер өз тәрбиесіне алатынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаш Құдайбергеннің Малайзияға сапары Малайзия City University оқу орнының басшылығымен, дипломатиялық корпус өкілдерімен, студенттермен, журналистермен және әртістің жанкүйерлерімен кездесуден басталды. Осы шарада Димашқа орындаушылық өнері үшін медаль табысталды.
Өз сөзі арасында күрсінген Димаш марқұм атасына тоқталды.
"Ассалағаумағалейкум, осында жиналған қауым! Жаңа кіріспе сөзімді ағылшын тілінде бастадым, өйткені қазақта: "Шаңыраққа қарап көсіл" деген сөз бар. Осында отырған барша ағайынның ыстық ықыласына, жылы лебізіне шын жүректен алғысымды білдіру мақсатында сөзімді ағылшынша бастадым. Жақсы-жаман күнде қасымнан табылған әлемдегі барлық жанкүйеріме рақмет айтқым келеді. 25 жыл бұрын музыка мектебінде жүрегенде осындай деңгейге жетуді қатты армандайтын едім. Қазіргі күніме жеткізген, әрине әуелі Алла, содан соң менің отбасым, менің тыңдармандарым". Димаш Құдайберген
Бір күрсініп алған әнші бір апта бұрын "әкесі", яғни дүниеге келгенде өз тәрибесіне алған атасы өмірден озғанын баршаның есіне салды.
"Оскар Уайльдтың тамаша бір сөзі бар. Атам соны маған жиі айтатын. "Әр адам өз қалауынша өмір сүруге құқылы, дегенмен әрбір жасаған ісі үшін ертеңгі күні жауабын өзі береді" деген. Жалпы, өмірде таланатты, еңбекқор, биікке ұмтылатын жандар көп. Алайда олардың әрқайсысы үлкен сахнада көп жүріп немесе халықтың жүрегінен орын таба бермейді. Бұл сол кісілердің кінәсінен деп ойламаймын, мұның барлығы Алланың қалауымен. Сондықтан осы күніме шүкіршілік етемін, осыған жеткізген Аллаға, отбасыма, өздеріңіздің ыстық ықыластарыңызға рақмет айтамын. Қалың көпшілік алдында осы сәтті пайдаланып атама да рақмет айтамын. Шалыс басқаннан сақтасын! Бірақ мені қақпақылап осы күнге дейін тәрбиелеп келе жатқан, Димаш болып қалыптасуыма бірден бір септігін тигізген отбасыма рақмет! Осы күнге дейін бағып-қағып, жасым 30-ға келсе де ескерту айтудан, тәлім-тәрбие беруден жалықпайтын, менің әрбір концерттерімді өз деңгейінде ұйымдастырып жүрген ағатайыма (әкесі - Қанат) рақмет! Осындай ата-аналарымыз аман болсын! Университет басшылығына да, ректор ханымға да шын жүректен алғысымды жеткіземін". Димаш Құдайберген
Айта кетсек, 15 маусымда Астанада қаралы қауым танымал әнші Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript