"Мұхитқа ұзақ қарасаң...": Димаш Тынық мұхитынан видео бөлісті
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші, музыкант, әлемге танылған артист Димаш Құдайберген Тынық мұхитына барған сәтінен фото-видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Тынық мұхитына барамыз деп шештік" деп жазды ол фотоның сипаттамасына.
Содан кейін әнші фотомен қатар, мұхит жағасында түсірілген мини клипті де көрсетті. Видеоны әншінің биыл шыққан "Өмір" атты композициясы сүйемелдеп тұр.
"Мұхитқа ұзақ қарасаң адамдарды сағына бастайсың. Ал адамдарға ұзақ қарасаң мұхитты сағынасың". Харуки Мураками", - деп жазды Димаш видеоның сипаттамасына.
Ал әншінің жанкүйерлері бұл сөзге өзінше жауап қатып жатыр:
- "Саған ұзақ қарасақ, қымбаттым, дауысыңды, концерттеріңді, жаңа әндеріңді, өмірімізде барыңды сағынамыз... Мұхит ешқашан тым көп емес, сен де солай".
- "Мен сені сүйемін, Димаш"
- Біз де сені сағындық"
Жапон жазушысы Харуки Муракамидің бұл сөзі "Слушай песню ветра" атты романынан алынған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript