Жаңалықтар тізбегі
0

ІІМ мобилограф Қыран Талапбекті медальмен марапаттады

ІІМ мобилограф Қыран Талапбекті медальмен марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 14:38 Сурет: видеодан скриншот
ҚР Ішкі істер министрлігі мобилограф Қыран Талапбекке "Мобилография саласында мықты шәкірт тәрбиелегені үшін деп, құрмет ретінде" медаль табыстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызық жағдайды Қыранның өзі Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Өзінің сөзінше, таңертең полиция хабарласып, бөлімшеге шақырған. 

"Таң атысымен мені полиция шақырды. Не үшін екен деп барғанда одан да қатты таңғалдым. Ішкі істер министрлігі маған медаль беріп жіберіпті. Мен суға батқан адамдарды құтқармап едім, қыздардың сөмкесін ұрлаған ұрыларды ұстамап едім. Сөйтсем, бәрінің сыры мынада екен: Қайсар есімді жігіт 2020 жылдан бері мобилография курсын оқыған, менің оқушым. Қайсар қазір өзінің мобилограф шеберлігімен ІІМ-ге үлкен еңбегі сіңіп, керемет контент жасап жүр екен. Осыдан 2-3 жыл бұрын "Барлық жерде бір-бір мобилографтан болады" деп едім. Ал Қайсар қазір - полиция мобилографы. Енді қызығы маған бүгін мына медальді "Қайсардай мықты әрі нәтижелі шәкірт тәрбиелегенім үшін" деп, құрметтеп беріп жатыр екен. Құрметі үшін рақмет. Бастысы біздің мобилография барлық секторларға пайдасы тиіп жатқаны үшін өте қуаныштымын", - деді Қыран Талапбек.

"Түрім медаль тағатын адамға ұқсамаса да, медальмен түрім осындай" деп қосты ол.


  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: