Жаңалықтар тізбегі
0

Этнографиялық әдебиетті "Әліппеге" қосу қажет - ғалым

Этнограф, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 09:42 Сурет: Almaty.tv
Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопай бодандықта құрып кете жаздаған этнографиялық әдебиетті ұрпақтың зейінін ашу үшін "Әліппеге" қосу қажет екенін айтады. Этнография – ұлттың танымын, бітімін, тарихы мен мінезін зерттейтін ғылым, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Атадан қалған болмысты, өзіне ғана тән ұлттық құндылықтарды бойына сіңірмей, ұлтжанды азамат қалыптаспайды. Ал сол асыл мұраны қағаз бетінен білмек керек. Кітап сөрелерінде этнографиялық әдебиеттер жоқ емес. Алайда оны көз майын тамызып, оқуға келетін оқырман аз", деп хабарлайды Almaty.tv.

"Өкінішке қарай, этнография саласы бәсеңдеу, бірақ қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамығандығына байланысты, интернет желісінде көптеген мәліметті қарастыруға болады", – деді Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Толқын Құрамысова

Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопай нағыз қазақ, ұлтжанды, елін сүйетін азамат боламын десе, этнографиялық кітаптарды оқу керек екенін айтады.

"Бәрін "Әліппеден" бастауымыз керек. Этнографиялық еңбектерді кішкентай кезінен оқыған бала, есейген кезінде парасатты тұлға болады. Этнографиялық кітаптарды оқудың жолы – осы", – дейді этнограф-жазушы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: