"Сен де осылай жаса!". Димаш ұлы Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Онда әнші тың челленджді бастап, өзгелерді оған үлес қосуға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ассалаумағалейкум, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмыз. Абай атамыздың дәл мен секілді жүректеріңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып, тарататын болсаңыздар, челленджіміздің басталғаны деп білемін", - деді әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы оқырмандарына жолдаған челленджінде.
Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды.
"Бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай", - деп атап өтеді Димашжан сөз соңында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript