Алматыда Галкинге концерт өткізуге неге рұқсат берілмегені белгілі болды

Алматы, концерт, Максим Галкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 16:09 Сурет: Instagram/maxgalkinru
Алматы қаласының Мәдениет басқармасы ресейлік әртіс Максим Галкиннің концерті не себепті өткізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Максим Галкиннің концерті Алматыда 6 қазан күні Республика сарайында өтуі керек еді.

"Бәріңіз бұл коммерциялық концерт екенін түсінуіңіз керек. Республика сарайында барлық іс-шаралардың кестесі алдын ала жасалған. Олар сұраған күндерде басқа іс-шаралар тұр. Сонымен қатар олар ресми түрде келісім-шарт жасамай, билеттерді сата бастады. Бұлай істеуге болмайды", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Бұл ретте ол ұйымдастырушылар басқа күнді таңдап, ресми келісім жасаса, концерт өткізу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты.

Максим Галкин Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылғанына шағымданған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: