Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Максим Галкиннің концерті ақыры өтетін болды

Максим Галкин, Алматы, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 20:29 Сурет: Instagram/maxgalkinru
Алматыда ресейлік артист Максим Галкиннің концерті ақыры өтетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы продюсер Алексей Пучков Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Максим Галкиннің концерті 9 қазанда Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды. 


Максим Галкин, Алматы, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 20:29

Сурет: Instagram/maxgalkinru


31 тамызда Максим Галкин Қазақстанда өтуі тиіс концерттеріне тыйым салынғанын айтып, шағымданған. Бұдан кейін Астанадағылар аталған жайтқан түсініктеме беріп, 8 қазанда Қазақстанда мұғалімдер күні аталып өтетінін, соған орай мерекелік концерттер ұйымдастырылатынын, сол себепті ресейлік актерге басқа күнді таңдауға ұсыныс берілгенін жеткізді.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы да артист таңдаған күнде сахналар бос болмайтынын, оның үстіне артистің концертін ұйымдастырушылар өздерімен келісімшарт жасаспағанын, соған қарамастан билеттерді сата бастағанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: