Максим Галкиннің концерті өтпегенінің саяси себебі бар ма
Сурет: ҚР СІМ
Журналистер Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан пародист Максим Галкиннің концерті өтпей қалғанының нақты саяси себебі бар ма деп сұрады.
Әлеуметтік желіде Ресей елшілігінен Сыртқы істер министрлігіне кейбір артистерді Қазақстан Республикасының аумағына концерттерге жібермеу туралы хат келген деген қауесет тарады. Осы ақпараттың қаншалықты шын екенін журналистер ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінен сұрады. "Бұл тізімге Максим Галкин, Алла Пугачева және Земфира кіре ме? Неліктен пародист әрі жүргізуші Максим Галкиннің концерті бірнеше рет өтпей қалды?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.
"Осындай хат бар және оны жіберді дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Ондай хат болған күнде де, концерттерді өткізу біздің мәдениет ұйымдарының құзырында. Сонымен қатар халық кімді тыңдап, ал кімді тыңдамайтынын өзі шешеді. Мен өнер мен мәдениет саясаттан тыс болуы керек деп есептеймін...", - деп жауап берді Айбек Смадияров.
Демек мұндай хат болған жоқ қой?" деген нақтылау сұрағына министрлік өкілі "Мұндай хат бізге келген жоқ. Меніңше, артист пен оның ұйымдастырушылары мәселені шешті" деп қосты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript