Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 16 мыңнан астам студент спорт, мәдениет және туризм саласын таңдаған

Елімізде 16 мыңнан астам студент спорт, мәдениет және туризм саласын таңдаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 10:29 Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы оқуға қабылдауға 4288 өтініш тіркелді. Оның ішінде 3468 – жоғары оқу орындары, 312 – колледждер, 508 – мектептер. Ал Министрлікке бағынысты оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген орын саны - 2562.

Қазір мәдениет және спорт министрлігінің жанынан 5 жоғары оқу орны, 9 колледж және 2 мамандандырылған музыкалық мектеп жұмыс істейді, онда барлығы 16 337 адам оқиды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен қаржыландырылатын 20 музыкалық колледж және 160 музыкалық мектеп жұмыс істейді.

Министрлік биыл жөнделген оқу орындары туралы ақпарат берді: 

  • Алматы қаласының әкімдігі Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ға ауданы 1000 ш.м. құрайтын үй-жайды оқу корпусын ашу үшін тапсырды. Осы жылы академия осы үй-жайды қайта құру бойынша ЖСҚ әзірлейді. Сонымен қатар эскиздік жоба әзірленді. ЖОО студенттері үшін жаңа жатақхана салу бойынша БЖТ дайындалып жатыр
  • "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ де биыл жөнделді. Атап айтқанда жатақхана, ойын залы, семсерлесу залы, күрес залы және асхана жөнделді.
  • "Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ жатақханасына косметикалық жөндеу жасалды. Ал "Риддер қаласындағы олимпиада резерві республикалық мектеп-интернат-колледжі" РММ-де қойма үй-жайларына, цехтарға, шағын және үлкен залдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Косметикалық жөндеу "Республикалық спорт колледжі" РМҚК-да да жүргізілді.


"Барлық жөндеу-құрылыс жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, мәлімделген мерзімдерге сәйкес аяқталады. Сонымен қатар,жыл сайын музыкалық аспаптарды, спорттық құрал-саймандарды және басқа да қажет жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінеді. Келесі жылы бұл мақсатқа мәдениет және өнер саласындағы 4 колледжге 133 млн теңге бөлінеді", - деді Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Жанат Ахметов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: