Жаңалықтар тізбегі
0

Жуырда алаяқтар туралы сериал көрерменге жол тартады

Жуырда алаяқтар туралы сериал көрерменге жол тартады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 14:29 Сурет: "Мошенники" телехикаясынан кадр
НТК арнасы Қазақстандық теленарықта бұрын соңды болмаған жаңа жоба ұсынады. B.A.S PRODUCTION компаниясымен бірлесіп түсірілген "Мошенники" атты криминалды драма 12 сериядан тұрады.

Детектив, триллер, криминалдық драма жанрлары ұштасқан лентаның ерекшелігі - шынайы оқиғаға негізделуінде. Туынды үшін сериал авторлары кейстер мен нақты фактілерді құқық қорғаушылардан арнайы алған. Қарақшылардың қылмыстық схемаларынан бөлек телеөнімде көрермен құқық қорғау қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарына да куә болмады.

"Сценарийді өзіміз жаздық. Фильмде мен бұзақы топтың жетекшісі болып ойнаймын. Басында менің кейіпкерім де қарапайым адам болған. Бірақ оның тағдыры ауыр болып, барлығынан кек ала бастайды. Ол өте қу, екі жүзді. Оның сені алдағанын білмей, сеніп қаласың. Түсірілім барысында менің имиджімді өзгерттік, өйткені алаяқты танымас үшін стилін өзгертіп отырады: мұртын өсіреді, шашын кеседі. Мен өз кейіпкерімнің қандай болу керектігін іштей жақсы түсіндім. Соған сай дайындалдым. Осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибем арқылы кейіпкерімнің образын алып шығуға тырыстым".Актер, продюсер Рүстем Омаров

Фильм желісі бойынша, 11 қарақшы бірігіп афералық жоспар құрады. Қылмыстық топ қатарында IT мамандар, ұрылар, банк және полиция қызметкерлері, вебкам моделі және басқа да арбаудан алдына жан салмайтын алаяқтар бар.

"Өмірімде бірінші рет өмірден алынған осындай рөл алдым. Фильмде кейіпкерім тек қана вебкам арқылы қызмет көрсетпейді, ол сан қырлы, мәселен, кезінде ол стриптизер болған. Толығырақ білу үшін, сериалды көру керексіздер".Актриса Фариза Ескермес

Фильм авторларының негізгі мақсаты – қоғамда адамдардың арбауға түсіп, алданып қалуының алдын алу.

"Мошенники" фильміне қолдау білдіруіміздің өзіндік себептері бар. Әрине, ғаламтор дамыған жиырма бірінші ғасырда жастар жағы алаяқтық әрекеттерден хабардар болғанымен, егде тартқан адамдар арбауға оңай түсіп, алданып қалуы мүмкін. Алаяқтардың қылмыстық схемаларын көрсетіп, көрерменнің көзін ашқымыз келеді. Осы туындыны көргеннен кейін, адамдар қарақшылардың осындай афералық жоспарын таратып айтса, бір-бірін хабардар етсе деймін".НТК арнасының бас директоры Саида Игенбек

Айта кету керек, режиссер Олжас Нұрбай фильм үшін жалпыхалықтық кастинг жасап, 500 адамның ішінен 11 актерды арнайы таңдаған.


"Негізі біз өзіміздің жұмысымызды өзіміз қиындатып, күрделендіргенді жақсы көреміз. Себебі менің мақсатым: әр жоба сайын жаңа бір деңгейге қол жеткізу. Біреу үшін емес, өзім үшін". Режиссер Олжас Нұрбай

Алаяқтықтың нақты схемасын ашық көрсететін туынды көрерменге НТК эфирінен 2 қазан күні сағат 20.00-де жол тартпақ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: