Жаңалықтар тізбегі
0

"Qazaqstan" орталық концерт залында жоспарланған іс-шаралар бірнеше күнге тоқтатылды

"Qazaqstan" Орталық концерт залы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 20:03 Сурет: Instagram/qazaqconcert
4-10 қазан аралығында елордадағы "Qazaqstan" орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар өтпейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы мұны жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен байланысты екенін хабарлайды.

"2023 жылғы 4-10 қазан аралығында "Астана Су Арнасы" МКК Д=150 мм., Д=400 мм. (Астана LRT жобасы бойынша желілерді шығару) су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізіліп, Мәңгілік Ел даңғылы 10/1 мекенжайы бойынша ауыз су беру тоқтатылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, "Qazaqstan" орталық концерт залында жоспарланған барлық іс-шаралар көрсетілген мерзімде тоқтатылады".

Концерттік ұйым келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: