"Қазақконцерт" залында жоспарланып, бірақ өткізілмейтін болған қай өнерпаздардың концерті

Qazaqstan орталық концерт залы, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 16:14 Сурет: astanagid.kz
"Qazaqstan"орталық концерт залы 4-10 қазан аралығында жұмыс істемейді. Бұл "Астана су" арнасының су құбыры желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуімен байланысты. Осы кезеңге белгіленіп, бірақ өткізілмейтін болған қай өнерпаздардың концерті екені белгілі болды, деп хабарарлайды Zakon.kz.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" МКҰ-ның жоспарлаған, бірақ өткізілмейтін болған концерттері тізімі:

  • 4 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Әлихан Дүйсенбайдың концерті,
  • 6 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Айзат Қарабектің концерті,
  • 7 қазан - "Қазақконцерттің жас таланттары" концерті болмайды.

Сонымен қатар, 8 қазанға жоспарланған М.Галкин концертінің Ұйымдастырушысы техникалық жұмыстар жүргізілуі бойынша мемлекеттік органның актісіне сәйкес, туындаған жағдай туралы ресми түрде хабарландырылғанын, келісімшартты біржақты бұзу туралы тиісті хабарлама жолданғанын хабарлаймыз.

2023 жылғы қазанның 4-10 күндері аралығына жоспарланған концерттік іс-шараларға билеттердің сатылымы тоқтатылуы, сатылған билеттер қайтарылуы тиіс. Мекеме әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: