Қытайдың басты мерекелерінің бірінде Димаш тарихи тылсым орында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген, Қытай, Жібек жолы халықаралық кинофестивалі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2023 17:24 Сурет: видеодан алынды
Қытайдың Фучжоу қаласында өткен "Жібек жолы" 10-шы халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатына Димаш Құдайберген қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 қыркүйекте Қытайдың CCTV 4 телеарнасы Күз ортасы фестиваліне арналған мерекелік концертті тікелей эфирден берді. Димаш Құдайберген жергілікті әнші Тан Вэйвэймен бірге қытай тілінде "Thousands of Miles, a Common Dream" әнін орындады, деп хабарлайды dimashnews.com.

"2023 жылдың Күз ортасы фестивалінде орындалған "Thousands of Miles, a Common Dream" әні симфониялық оркестр мен әртүрлі елдердің түрлі аспаптарының, атап айтқанда, африкалық барабан, индонезиялық ангклунг және Непал бансуриінің сүйемелдеуімен орындалды. Осы бір әдемі сәт ежелгі жұмбақ әрі тылсым орын — Тяньюань үңгірінде көрініс тапты".



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: