Торайғыровтың латын қарпімен басылған толық шығармалар жинағы реставрациядан өтті
Сурет: unsplash
Латын қарпінде жарық көрген кітапты 1933 жылы Жүсіпбек Аймауытов дайындаған. Күрескер ақынның 130 жылдығына орай Торайғыров университеті көне жәдігерді қалпына келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұлтанмахмұт қысқа ғұмырында лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, поэмалар мен екі роман жазып қалдырды. Мамандардың айтуынша үш жүз беттік кітапқа осы туындылар толық енген және ол 2014 жылға дейін қазақ жазушысы Дихан Әбілевтің жеке кітапханасында сақталған. Бұқар Жырау музейінің қызметкерлері жазушының жеке заттарын алуға Алматыға барғанда жинақты кездейсоқ тауып алады. Қалпына келтірілген шығармалар жинағын енді латын қарпінен кириллицаға аудару жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
"Өздері де реттеп, керек емес кітаптарды босағаға қойып қойған екен шығарып тастаймыз деп. Соның біреуін жай аша салсам ішінде Баянауыл баурайында - деп тұр. Енді оның ішін ашсам осы бір 1930 жылы латын қарпімен шыққан кітап тұр. Егер сол жерде соны керек қылдырмай қарамайтын болсақ бұл кітаптан да айырылып қалар едік. Бірден алып келіп осы музейге табысталды".Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров
"Бүкіл жаңағы заманауи технологияны пайдаландық. Қағаз жаңағы келген қағаздар жапониядан әкелді. Реставрация жасаған кітапты ең бірінші экземплярын музейге тапсырдық. Екінші экземпляры дубликат ретінде Торғайров музейіне сыйлық ретінде сыйладық. Сол музей Торайғыр ауылында". Сұлтанмахмұт Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript