Макао тұрғындары Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

Димаш Құдайберген, Макао, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 19:58 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
21 қазанда Димаш Құдайберген Макаодағы "Popular Movies Greater Bay Area Concert 2023" атты музыкалық гала-концертте өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Макао әуежайына ұшып келіп келген сәтінің видеосын жариялады.

Видео сипаттамасында әнші: "Макаоға келдік. Ертең концертте көріскенше, dears" деп жазды.


Жанкүйерлер оны жылы қарсы алып, қуаныштарын білдірді. Өз кезегінде әнші оларға "рақмет" деп, өз алғысын жеткізді.

Әуежайдан Димаш Құдайбергеннің бірден концерт дайындығына аттанғаны да белгілі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: