Жаңалықтар тізбегі
0

Францияда аты аңызға айналған "Қыз Жібек" фильмі арнайы жүлдеге ие болды

Қыз Жібрек фильмі, Сұлтан Қожықов, Франция, алтын адам мүсіні, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 09:17 Сурет: pixabay
Францияда бесінші рет ұйымдастырылған қазақ киносының фестивалінде "Қыз Жібек" фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық шара режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. Париж тұрғындарына "Қыз Жібек" фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Қыз Жібек" - керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді". нАзия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруа
"Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойлмаған шығар". Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова
"Фильмдегі костюмдер қандай әдемі! Бас рөлді сомдаған актриса біздің Катрин Денев, Эдит Пиафтан кем түспейді". Актер Сами Насери

Қазақ киносының бесінші фестивалінде "Қыз Жібектен" бөлек "Бақыт" драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: