"Талақ" қазақ фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды
Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
Қазақстан режиссері Данияр Саламаттың "Талақ" фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының "Алтын кубогын" иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ фильмі әлемнің үздік 14 фильмін басып озып, бас жүлдеге ие болды. Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген "Талақ" фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының "Алтын кубогын" иеленді. Шанхай фестивалі - "А" класына жататын 10 фестивальдің бірі, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.
"Талақ" фильмінде басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған. Фильм Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген. Сондай-ақ актриса Амира Омарова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясы бойынша үздік деп танылды.
Айта кетсек, Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript