Жаңалықтар тізбегі
0

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне үндеу жасады

Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 11:17 Сурет: wikimedia
Танымал әрі көптің сүйіктісіне айналған Голливуд актерларының бірі Леонардо Ди Каприо Қазақстан үкіметіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Оскар" иегері 25 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында Қазақстан билігін жойылып бара жатқан жануарлар түрінің популяциясының көбеюімен құттықтады. Әңгіме ақбөкен туралы.

"Браконьерлікке қарсы бастамаларға, күшті құқық қорғау органдарына және жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табысты мысал"Леонардо Ди Каприо

Сонымен қатар "Титаник" фильмінің жұлдызы киіктердің халықаралық "Қызыл кітаптағы" "Критикалық қауіп төніп тұрғандар" санатынан "Қауіп төніп тұрғандар" санатына ауыстырылуын сәтті деп атады.

"Жануардың бұрын-соңды болмаған қалпына келуі Қазақстандағы ақбөкеннің керемет сақталғанын көрсетеді. Бір кездері, дәлірек 2005 жылы 48 000 дара болған бұл түр қазір жабайы табиғатта 1,9 миллионнан астам дараға дейін өсті".Леонардо Ди Каприо


Айта кету керек, актер климаттың өзгеруі мен планетаның ластануы мәселелерін шешуге үнемі қомақты қаражат бөледі. Өзінің мансабында ол экожүйелер мен қауымдастықтардың тепе-теңдігін қалпына келтіре отырып, жабайы табиғатты жойылудан қорғауға бағытталған екі жүзден астам жобаны қолдады.

2023 жылдың 12 желтоқсанында Халықаралық табиғатты қорғау одағы ақбөкендердің жойылып кету қаупі төнген түрлер қатарына жатпайтынын хабарлады. Ежелгі бөкендер Халықаралық "Қызыл кітапта" қауіп төнуге жақын деген санатқа жатқызылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: