Жаңалықтар тізбегі
0

Роза Рымбаева мәдени орталық ашады

Роза Рымбаева мәдени орталық ашады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 11:11 Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Роза Рымбаева Қазақстанда өзінің мәдени орталық ашатынын айтты. Бұл туралы Қазақстанның Халық әртісі Қазақстан және Астана митрополиті Александрмен кездесу барысында мәлімдеді.

Роза Рымбаеваның өнер жолы 1975 жылы республикалық "Гүлдер" ансамблінен бастау алды.

"Репертуарымдағы әрбір ән өз ерекшелігімен орындалады. Әрқайсысы естеліктерге толы. Әр ән – өзінше бір тарих. Әр ән – өмірімнің бір бөлігі. Әр ән әртүрлі болса да, барлығы сүйікті. Тыңдарман өз әнін таңдап алады, бұған ерекше қуанамын", - деді Роза Рымбаева.

Роза Рымбаева ұлтаралық татулықты әрдайым қолдайтынын айтты.

"Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру барысында мәдениет, денсаулық пен білім деңгейін өсіру қажет деп есептеймін. Дені сау ұлт, білімді халық, жоғары мәдениет пен бірлік – еліміздің болашағы", - деді Роза Қуанышқызы.

Кездесу барысында Роза Рымбаева өзінің мәдени орталық ашатынын айтты. Мәдени орталық талантты жастарды қолдауға бағытталмақ.

Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді. Ата-анасы оның есімін Роза Бағланованың құрметіне қойған.

Көптеген халықаралық конкурстың Гран-при иегері атанған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. Әнші 1977 жылы Болгариядағы "Золотой Орфей" фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін шырқаған соң ерекше танымал болды. Ол бұл байқауда Гран-при ұтып алды.

Мейіргүл Оңғарова

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: