Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі болды
Сурет: instagram/kudaibergenov.dimash
15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады. Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген ХКҰ-ның аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді.
ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.
Сурет: dimashnews.com
"Мен ХКҰ-ның ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық".Димаш Құдайберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript