Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртас Қазақстан табиғатын көрсету үшін "ақ шалбар мен жаңа аяқ киімін құрбан етті"

Қайрат Нұртас Қазақстан табиғатын көрсету үшін "ақ шалбар мен жаңа аяқ киімін құрбан етті", сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2024 09:40 Сурет: Instagram/kair_n
Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде Қазақстанның табиғатына тәнті екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 мамырда Instagram-да ол Алматы тауларының фонында бейнеролик жариялады.

"Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқкиімді құрбан еттік",- делінген жазбада.

Нұртастың жанкүйерлері табиғат көрінісіне емес, әншінің өзіне жоғары баға берді.

  • Табиғаттың сұлулығынан емес, сенің сұлулығыңнан көз ала алмай отырмын.
  • Сенің әдемілігіңнен табиғатқа мән де бере алмай қалдым ғой.
  • Қандай сүйкімдісің.

17 мамырда танымал әнші Қайрат Нұртасты кәсіпкер сотқа бергені белгілі болды. Алайда ол екі сот инстанциясында да жеңіліске ұшыраған. Астана қалалық соты аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: