Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қалалық соты Қайрат Нұртастың пайдасына шешілген үкімге қатысты түсініктеме берді

Қайрат Нұртас, Астана соты, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 18:13 Сурет: Facebook/Қайрат Нұртас
17 мамырда танымал әнші Қайрат Нұртасты кәсіпкер сотқа бергені белгілі болды. Алайда ол екі сот инстанциясында да жеңіліске ұшыраған. Астана қалалық соты аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, соттың азаматтық алқасы кәсіпкердің талап арызы бойынша әншіге және оның продюсеріне қатысты келісімді жарамсыз деп тану туралы істі қарады.

"2023 жылғы қараша айында тараптар әншінің Атырау қаласында жаңа жылдық корпоративте өнер көрсетуі туралы өзара ауызша келісімге келіп, талапкер 1000 доллар көлемінде алдын ала төлем жіберген. 2023 жылдың 30 қарашасында Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншінің Атырау қаласында өнер көрсететіні тапсырыс берушіге белгілі болды. Іс-шаралардың өткізілу уақыттарының жақын екендігін ескере отырып, талапкер әртістің өнер көрсетуін өзекті емес деп санады. Бірінші сатыдағы сот тараптар арасында шарттың болмауына байланысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты", делінген сот түсініктемесінде.

Яғни, тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін мән-жайлар анықталмады.

"Алайда, талапкер міндеттемелерді орындаудан бас тарту оның бастамасымен орын алғанын жоққа шығармады. ҚР Азаматтық кодекстің 153-бабына негізделетін соттың талаптарына сәйкес, мәмiленiң жай жазбаша нысанын сақтамау дау болған жағдайда тараптарды мәмiленiң жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлiк айғақтармен растау құқығынан айырады", делінген хабарламада.

Астана қалалық соты Азаматтық алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың талап қоюдан бас тарту туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Айта кетсек, кәсіпкер әрі мейрамхана егесі Ольга Хван Қайрат Нұртасты сотқа берді. Оның айтуынша, әнші алты ай бойы болмай қалған концерті үшін алдын ала алған аванс ақшаны қайтармай келеді. Ольга Хванның айтуынша, әнші мен оның анасы Гүлзира Айдарбекова арасындағы уағдаластық ауызша түрде болған, ал Алматыда әртістің өкілдерімен кездесу кезінде 1 мың доллар көлемінде алдын ала аванс ақша қолма-қол берілген. Бірақ концерттен 1,5 ай бұрын іскер әйел өз ойын өзгертіп, аталған іс-шарадан бас тартады әрі бұл туралы әншіге алдын-ала ескертеді. Алайда оған алдын-ала жасалған төлем сол күйі қайтарылмаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: