Димаш Құдайберген өзінің ұмытылмас күні туралы айтты

Димаш Құдайберген өзінің ұмытылмас күні туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 10:55 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің естен кетпес күні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 3 маусымда Instagram парақшасында Түркиядағы концерттің бейнесін жариялады.

"Түркиядағы ұмытылмас күн", – делінген бейнероликтің жазбасында.

Комментаторлар таңғажайып кешті көрген де, көрмеген де арманда екенін айттып, Димаш бұл жолы тағы таңқалдырды деп жарыса жазуда.

  • Керемет кеш үшін рахмет! Барлығы жоғарғы деңгейде өтті.
  • Бұл жолы да таңқалдырдың!
  • Бұл сиқырлы концерт болды, мен сені сүйемін.
  • Енді асыға келесі концертті күтеміз! Рахмет, Димаш!

Айта кетейік, көпшілікті таңдай қақтырғын бұл концерт 24 мамырда Стамбұлдағы "Бешикташ" стадионында өтті.

Дәл осы күні Димаш Құдайбергеннің туған күні.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: