Димаш Құдайберген Қостанайдағы өрт туралы айтты
Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды…Еліміз аман болсыншы… - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.
Димаш осындай қиын-қыстау кезеңде еліне, халқына көмектесуге әзір екенін жеткізді. Ол қазақстандықтарды біріге көмектесуге шақырды.
Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге ат салысайық, жігіттер!Димаш Құдайберген
Айта кетейік, 23 қыркүйек күні Алматыда Димаш Құдацбергеннің жеке ән кеші өтеді.
2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты, оның аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты.
Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, өрт алдағы екі күнде оқшауланады.