Жаңалықтар тізбегі
0

"Қайта ораламын" - Отар Кушанашвили ауруханадан байланысқа шықты

"Қайта ораламын" - Отар Кушанашвили ауруханадан байланысқа шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 15:47 Сурет: Instagram/otar.kushanashvili
Ресейлік журналист және тележүргізуші Отар Кушанашвили ауруханадан дыбыстық жазба жазып, байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында дауыстық жазбаны жариялады.

"Бұл Отар Кушанашвили, жаңа медицинаның көмегімен, өмірге деген құлшынысының арқасында қалыпқа келу жолында..."- деді журналист.

Ол оны осынау қиын сәтте жалғыз қалдырмаған жолдастарына, әсіресе T-killah пен Дима Тарасовқа сәлем жолдады.

"Мен бұл аурумен күресуде міндетті түрде жеңіске жетіп, қайта ораламын. Сүйдім. Әумин", - деп аяқтады Отар Кушанашвили.

Отар Кушанашвили-әйгілі ресейлік және грузиндік журналист, тележүргізуші, "Каково?!" YouTube арнасының авторы. Ол "Акулы пера" бағдарламасында жұмыс істеген кезде таныла бастады.

2023 жылдың күзінде Отар Кушанашвили Мәскеуде инфарктпен ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның өмірін жедел жәрдемге уақтылы қоңырау шалу арқылы құтқарған. 2024 жылғы 20 маусымда әйгілі тележүргізуші бірден жансақтау бөліміне түсті.

Назар аударыңыз! Жазбада балағат сөздер бар!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: